Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан азаматтарын сақ болуға шақырады
Қаржылық мониторинг агенттігі интернетте танымал компаниялар арқылы көп ақша табу туралы жалған ақпарат таратушылардың көбейіп бара жатқанын ескертеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жалған қаржы компанияларынан» азаматтарға «Қазмұнайгаз», «Теңізшевройл» мұнай компаниялары, «Бәйтерек Инвест» мемлекеттік цифрлық платформасы, және «Kaspi bank» сияқты ірі жобаларға ақша салуды ұсынып, жоғары және пассивті табыс табуға уәде беретін алаяқтар көбейіп кетті. Азаматтарды сендіру үшін алаяқтар белгілі компаниялар мен банктердің, ақпараттық порталдардың логотиптерін пайдаланады, сонымен қатар белгілі тұлғаларды қатысушы ретінде көрсетеді», - делінген ҚМА хабарламасында.
Мұндай жарнамалардың барлығы жалған, шындыққа жанаспайды және қаржылық пирамиданың белгілері бар.
Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан азаматтарын мұндай ақпаратқа сенбеуге, әрбір ұйымды Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігінің тізімінде және басқа уәкілетті органдар арқылы тексеруге шақырады.