Павлодарда жалған адвокат көрсетпеген қызметі үшін азаматтардан ақша алып келген
Күдікті қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды
Павлодарлық жедел уәкілдер заң қызметтерін көрсету саласында алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Анықталғандай, 33 жастағы павлодарлық танымал сайттарға тегін заң кеңесі туралы хабарландыру жариялаған. Арам ойын іске асыру үшін ол М.Жүсіп көшесінің біріндегі кеңсені жалға алған.
«Жарнаманы көріп, облыс орталығының 62 жастағы тұрғыны құқықтық көмекке жүгінді. Жасы ұлғайған ер адамды мұқият тыңдап, сенімді болу үшін ол 30 мың теңге сомасына шарт жасады. Әрі қарай оның проблемасын шешіп беруге уәде етіп, жұмысты жеделдету үшін, жалған адвокат тағы 30 мың теңге сұраған, оны ер адам таныстарынан әрең тауып алған. Жыл бойы оны өтірік уәдемен алдап келген. Алаяқ заңгермен қарым-қатынасының жеміссіздігінен жалыққан ер адам құқықтық тәртіп сақшыларына жүгінді», - деді облыстық полиция департаментінің өкілдері.
Қазіргі уақытта алаяқтықтың 6 эпизоды анықталды. Айыпталушыға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.
Айта кету керек, ол 2019 жылы ұқсас қылмыс үшін 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған болып шықты.