ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Петропавлда мұз қалашығын қиратқан жасөспірімдер анықталды

Бұзақылар мұздан жасалған бірнеше мүсінді сындырған

Петропавлдағы орталық көшеде мұз қалашығын бұзған кәмелетке толмаған үш жасөспірімді тәртіп сақшылары ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 қаңтар күні кешке 2004, 2005 және 2006 жылдары туған үш жасөспірім Қазақстан Конституциясы көшесінде орналасқан Мұз қалашығындағы мұздан жасалған бірнеше мүсінді сындырған.

Полиция қызметкерлері бейнекамералар арқылы бұзақылық жасаған жасөспірімдерді анықтап, Петропавл қалалық полиция басқармасына жеткізді.

«Бұзақылық фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» бойынша әкімшілік материал жиналды, осы баппен балалардың ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу көзделген», – делінген баспасөз қызметінен.

Аталған құқықбұзушылық бойынша материал Петропавл қалалық әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қарау үшін жолданады.