30.01.2020, 19:55
Оқиғалар
Адина, Медина, Үсен: Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Бұл Түркістан облысында 2020 жылы өмірге келген алғашқы үшем
Фото: inform.kz
18 жастағы Жанар Анарбаева есімді Сарыағаш ауданының тұрғыны дүниеге үшем әкелді. Бұл туралы ақпаратты Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.
«Былтыр келін атанған Жанар дүниеге үшем әкеліп, жаңа туған сәбилерге Адина, Медина, Үсен деп ат берді. Екеуі қыз бала, бірі ұл. Облыстық №1 перинаталды орталықта дүниеге келген үш ағайынды сәбидің жағдайы жақсы», - делінген хабарламада.
Өткен жылы Түркістан облысында саны 55 мыңнан астам сәби өмірге келген, сондай-ақ бес ана үшем босанған.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды