Риддерде әйел адам пойыздың астына түсіп мерт болды
Мамандар бұл жайттың жазатайым оқиға екенін немесе әйелдің өзіне қол жұмсағанын анықтап жатыр
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында әйел адам тепловоздың астына түсіп көз жұмды, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Astana» телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мамандар бұл жайттың жазатайым оқиға екенін немесе әйелдің өзіне қол жұмсағанын анықтап жатыр.
«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігімен «Өскемен-1» стансасындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - делінген ШҚО көлік полициясы басқармасының баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ қайғылы оқиғаға дейін әйелдің теміржолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткені, артынша оны пойыз қағып кеткені белгілі болды. Жақында Алматыда және Оралда тағы екі қазақстандық пойыздың астына түсіп қайтыс болды.