Семейде көпқабатты үй өртенді
Улану белгілері бар екі бала медициналық мекемеге жеткізілді
Семейде көпқабатты үйдегі өрт кезінде 50 адам эвакуацияланды, олардың ішінде 16 бала бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласының Физкультура көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Алтыншы қабатта пәтерде жиһаз, жеке заттар өртенді.
“Оқиға орнына жедел келіп, 6-қабатқа дейін автосатыны ашып, өрт сөндірушілер 2006 және 2008 жылы туылған екі баланы қатты түтінделген тұрғын үй-жайдан құтқарды. Улану белгілері болғандықтан, оларды медициналық мекемеге жеткізілді. Тағы 34 тұрғын, оның 14 – і-балалар өрт сөндірушілермен баспалдақ маршы арқылы құтқарылды. 1980 жылы туған, балаларына көмектесуге тырысқан пәтер иесі күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері қауіпті аймақтан 50 адамды, оның ішінде 16 баланы эвакуациялады. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам және 10 бірлік техника жұмылдырылды”, – делінген баспасөз хабарламасында.