Хубэй провинциясында коронавирустан көз жұмғандар саны 162-ге жетті
Провинцияда вирустан тағы 37 адам қайтыс болып, ауру жұқтырғандар саны 1032-ге артқан
Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирустан көз жұмғандар саны 162 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq rýhy РИА Новостиге сілтеме жасап.
Хубэй денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, провинцияда вирустан тағы 37 адам қайтыс болып, ауру жұқтырғандар саны 1032-ге артқан.
Ал бір тәулік ішінде ауруханадан 10 адам шығарылған екен.
Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан Ухань қаласында ауру қоздырғышы 2019-nCoV деп аталатын коронавирустың жаңа түрі желтоқсан айының соңынан бері таралып жатыр.
Індеттің Қытайдан өзге, Гонконг, Макао, Тайвань, Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзия және Германия сияқты елдерге де жеткені белгілі болды.