Өскеменде ер адам өзгенің 10 млн теңгесін алдап алып кеткен

Azattyq Rýhy

Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Өскеменде ер адам өзгенің 10 млн теңгесін алдап алып кеткен

Өскемен ер адам тұрғынның 10,5 млн теңгесін алдап алып кеткен, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, 1 мамырда Өскемен қалалық Ертіс ПБ “102” жедел арнасына алаяққа алданған облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны жүгінген. Жәбірленуші өткен жылдың наурызынан сәуір айы аралығында оның танысы пәтер сатып алуға көмектесемін деген сылтауымен 10,5 млн теңгеге жуық ақшаны алғанын хабарлады.

"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушіге жеңілдетілген бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесуге уәде берген", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.