07.06.2022, 21:21
Оқиғалар
Маңғыстау облысында 1 курс студенті суға батып кетті
Студенттердің TikTok-қа видео түсіру жоспары қайғылы жағдайға әкеп соқты
Фото: Lada.kz
Маңғыстау өнер колледжінің 1-курс студенті суға кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy БҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін Ақтау қаласында Самал - 2 шағынауданында теңіз жағалауында болған. Сағат 16-20 шамасында Төтенше жағдай қызметіне бір адамның суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Маңғыстау облысы Бейнеу ауданына қарасты Барымқұл ауылының тұрғыны, Маңғыстау өнер колледжінің 1 курс студенті суға батып кетті. Қазіргі уақытта марқұмның денесін іздеу жұмыстары жүріп жатыр», -деді Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс тобының офицері, аға лейтенант Азамат Төлегенов.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді