Ақтөбе облысында тағы үш бала суға батып кетті

Azattyq Rýhy

4 және 5 жастағы үш ұл баланы құтқару мүмкін болмады

 

Ақтөбе облысында 4 және 5 жастағы үш ұл бала суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Екі ағайынды достарымен ауылдан бір шақырым жердегі өзенге барады. Суға түскен балалардың бірі бата бастағанда, қалғандары оны шығарып алмаққа ұмтылады. Бірақ олар күштері жетпеген. Балалардың ең үлкені үлкені көмек сұрап ауылға жүгіреді. Алайда үлкендер жеткенде, бәрі тым кеш еді.

Тақырыпқа орай: Ақтөбе облысында үш кішкентай бала суға батып кетті

«Хабарлама алған бойда бөлімше қызметкерлері оқиға орнына аттанды. Келген кезде төрт баланың су қоймасының жағасында ересектердің қарауынсыз ойнағаны анықталды. Үш бала суға батып кеткен», - деді Ақтөбе облыстық ТЖД басқармасының бастығы Нұрлыбек Айжарықов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.