Кеден бекетінен ірі көлемде ақша алып өтпек болған шетелдіктер ұсталды
Аталған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Жібек жолы» және «Атамекен» кеден бекеттерінде Қазақстан, Ресей және Тәжікстан азаматтарына қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, аталған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолма-қол ақшаны алып кетуге қойылған шектеуді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«2022 жылдың 6 мауысымында Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Жібек жолы» кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасы бағытында жолаушылар терминалында, қолжүгін «NUCHTECH 100100DV» рентгентелевизиондық құрылғы арқылы тексеру кезінде, кеден бекетінің қызметкерлерімен Тәжікстан Республикасының азаматынан жолаушылар кедендік декларация арқылы мәлімделмеген қолма-қол 19 500 АҚШ доллары анықталып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 545-бабы бойынша іс қозғалды», - делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін, 2022 жылғы 18 мамырда «Атамекен» кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасы бағытында Қазақстан Республикасы азаматы өзімен бірге 10 000 АҚШ доллары, 82 500 теңге және 1 798 000 өзбек сомын алып өтпек болған кезінде, кеден бекетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шекара қызметкерлерімен бірлесіп өткізу фактісіне тосқауыл қойылған болатын.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 545-бабына сәйкес жинақталған әкімшілік іс Мақтаарал аудандық сотына жолданды.
Осыған ұқсас жағдай 20 мамыры күні осы «Атамекен» кеден бекетінде де болған. Кеден бекетінің қызметкерлері кедендік бақылау кезінде Ресей Федерациясы азаматын 13 800 АҚШ доллары мен 88 000 теңгені Өзбекстанға алып өтпек болғанда ұстады. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексының 545-бабымен әкімшілік іс қозғалып, Мақтаарал аудандық сотына жолданды.