02.06.2022, 15:29
Оқиғалар
Украинада соғыс басталғалы 243 бала қайтыс болды
Ал 446 бала жарақат алған
Фото: ашық дереккөзден
Украинада соғыс басталғалы 243 бала көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Тағы 139 баланың тағдыры белгісіз. Бұл туралы президент Владимир Зеленский мәлімдеді. Бірақ Украина басшысы қаза тапқан және жарақат алған балалардың саны ресми мәліметтен әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтады. Себебі, үкімет Ресей қарулы күштері басып алған аудандардағы жағдайдан бейхабар дейді.
Зеленский, сондай-ақ, Ресей 200 мың баланы өз аумағына күштеп алып кетті деп отыр. Бұл кішкентайлардың Украинаны ұмытып, отанына оралуға мүмкіндік бермеу мақсатында жасалып отырған саясат дейді ол.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті