Ақтөбе тұрғыны жалған банк қызметкеріне 22 млн теңгесін беріп жіберген
Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізіліп жатыр
Ақтөбеде 60 жастағы әйел жалған банк қызметкеріне 22 млн теңгесін беріп жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.
30 мамыр күні әйел адамға банк қызметкері болып танысқан ер адам қоңырау шалған. Алаяқ мұндай операция банк жүйесінде қалыпты екенін айтып, шотты қауіпсіздендіру үшін телефонға келген SMS-хабарламадағы кодты айтуын сұрайды. Кодты алғаннан кейін алаяқ бүкіл ақшаны жәбірленушінің картасынан басқа банктік шотқа аударып алған. Жалпы шығын 22 млн теңгеден асты.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізуде.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті алаяқтық жағдайларының алдын алу үшін ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де жеке шоттары мен карталарына қатысты SMS-код және басқа да дербес ақпаратты айтуға болмайтынын ескертеді.