Семей тұрғынынан апиын есірткісі тәркіленді

Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша тергеу басталды

Семей тұрғынынан апиын есірткісі тәркіленді

Семейлік полицейлер қала тұрғынынан апиын есірткісін тәркіледі, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылғы сәуір айының соңында Орталық ПБ жедел уәкілдерімен есірткі заттарын заңсыз сақтау фактілерін анықтау мақсатында жүргізілген жедел іздестіру іс-шарасы барасында күдікті деп танылған, еш жерде жұмыс істемейтін 44 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Кідіріссіз тінту барысында оның шалбарының қалтасынан ашық қоңыр түсті сұйықтық қалдықтары бар пластикалық құты табылып, тәркіленді.

«Тағайындалған сараптама нәтижесі көрсеткендей, тәркіленген зат салмағы 0,046 грамм болатын “экстракциялық апиын” есірткі болып табылады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды»,- деді Семей қ.ПБ бастығы полиция полковнигі Ернар Базаров.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.