Алматы облысының тұрғыны итін қорлап өлтіргені үшін жазаға тартылды

Azattyq Rýhy

Күдікті үй жануарын өлтіргенін мойындады

 
Алматы облысының тұрғыны итін қорлап өлтіргені үшін жазаға тартылды
Фото: Алматы облыстық ПД

Талғар ауданының полицейлері жануарға қатыгездік жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ауыл тұрғыны итін қасақана өлтіргені үшін сотталды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы 2-бөлігі (жануардың өліміне әкеп соққан қатыгездік көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қылмыстық іс қозғауға жануарларды қорғаушылардың әлеуметтік желіде жариялаған суреттері себеп болған. Қарабұлақ ауылының шетінде иттің қалдықтары табылған. Талғар аудандық полициясы осы ақпарат өлген иттің 35 жастағы иесін анықтады. Ол үй жануарын өлтіргенін мойындады», - делінген ПД хабарламасында.

Ұсталған азамат өз итін майын алу үшін сойғанын, оны емдік мақсатта пайдаланбақ болғанын айтқан.

ҚР заңнамасына сәйкес, күдіктіге ірі көлемде айыппұл салынады немесе түзеу жұмыстарына жегіледі, сондай-ақ елу тәулікке дейін қамауға алынады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.