$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.06.2022, 12:39
Оқиғалар

Алматы әуежайында шетел валютасын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады

Алматы әуежайында шетел валютасын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде сырттан келетін және сыртқа кететін қолма-қол ақша декларациядан өтуі керек. Алайда бұл заңды елей бермейтіндер де кездеседі. Алматы әуежайында декларацияланбаған шетел валютасын алып кетпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қаржы мониторингі агенттігі хабарлағандай, жыл басынан бері Алматы халықаралық әуежайында осығна ұқсас қылмыстық құқықбұзушылықтың екі фактісі тіркелді. Сондай-ақ жалпы сомасы 550 мың АҚШ доллары мен 26 910 еуродан астам қаражатты декларацияламаудың 20 әкімшілік фактісі анықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Агенттік шетел валютасындағы қолма-қол ақша мен ақша құралдары 10 000 АҚШ доллары баламасынан аспауы керек екенін еске салды.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ сот шешімімен көрсетілген ақша мен тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары