$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.05.2022, 12:54
Оқиғалар

Түркістан облысында кітап өткізуге кеткен ауылдық оқушы Шымкенттен бір-ақ шыққан

13 жастағы қыз қалада қыдырып жүрген жерінен табылды

Түркістан облысында кітап өткізуге кеткен ауылдық оқушы Шымкенттен бір-ақ шыққан
Фото: gov.kz

Мақтааралдық полицейлер жоғалған 13 жастағы қызды Шымкенттен тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, кәмелет жасына толмаған қызының үйден таңғы сағат 08:00 шамасында мектепке кітап өткізуге кеткен соң қайтып оралмағанын айтқан. Өзі іздеп таппаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.  

«Тез арада іздестіру жұмыстарын жүргізіп, көрген-білгендерден жауап алынды. Ақпарат көздері арқылы жасөспірімнің Шымкент бағытына белгісіз көлікке мініп кеткені анықталды. Ал тәртіп сақшылары жасөспірімнің дін-аман табылуы үшін іздестіруді Шымкент қаласында жалғастырды. Полицейлер екі күн бойы тыңғылықты жұмыс атқарды. Нәтижесінде, 13 жастағы қызды Шымкент қаласында қыдырып жүрген жерінен тапты», - дейді облыстық ПД өкілдері.

Анықталғандай қыздың үйінен кетуіне үйдегі жанжал себеп болған.

«Аудандық полиция қызметкерлеріне қызымның жоғалғандығын айтып, тауып беруін сұраған едім. Олар кәмелет жасына толмаған қызымды Шымкент қаласында жүрген жерінен тауып берді. Сіздерге алғыс айтамын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін,» – деді табылған қыздың анасы.

Серіктес жаңалықтары