Павлодар – Екібастұз автожолында болған жол апатынан жолаушы қаза тапты
Жүргізуші жарақатпен Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылды

Павлодар – Екібастұз автожолында болған жол апатынан жолаушы қаза тапты, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 29 маусым күні сағат 17.10-да Құлакөл ауылы маңындағы Павлодар - Екібастұз автожолының 101 шақырымында «Chevrolet Tracker» маркалы автокөлігін басқарған 57 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, жыраға аударылып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 52 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды", - деді департаментте.
Естеріңізге сала кетейік, 29 мамыр күні сағат 18.00 шамасында Қалқаман – Майқайың автожолының 42 шақырымында «BMW-528» маркалы автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі көлігімен жыраға аударылып кеткен.