Атырау облысында жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты

Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасы 25 мамырда сағат 18:00 шамасында болған

Атырау облысында жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында жол апатынан жүргізуші мен екі жолаушы мерт болды Атырау облысында жол апатынан жүргізуші мен екі жолаушы мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 25 мамырда сағат 18:00 шамасында болған.

«Армения Республикасында тіркелген «Toyota Ipsum» автокөлігін 37 жастағы жүргізуші басқарғаны анықталды. Жүргізуші көлікті басқару жүйесін игере алмай, «Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы күре жолдың 490-шақырымында аударылған. Жол-көлік апатының салдарынан 1985 жылғы жүргізуші мен 47 және 54 жастағы жолаушы оқиға орында мерт болды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір үш адамның өліміне соқтырған жол-көлік апатының себебі анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын бастады.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.