$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.01.2020, 04:11
Оқиғалар

Павлодар облысында жол-көлік апатынан 2 адам көз жұмды

Жүргізушінің кінәсінен 1975 жылғы әйел адам мен 2011 жылғы бала ажал құшты

Павлодар облысында жол-көлік апатынан 2 адам көз жұмды

Павлодар облысында Toyota Land Cruiser аударылып, әйел адам мен бала көз жұмды. Қайғылы оқиға 27 қаңтар күні таңертең Екібастұз қаласынан 94 шақырым қашықта орын алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Арыстан Дүйсембаев мәлім етті.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылған. Алайда кейбір азаматтар ондай ескертулерді елеместен өз өміріне қауіп төндіре отырып, жолға шығады. Дәл осындай жағдай 27 қаңтар күні сағат 9.00 шамасында орын алды. Toyota Land Cruiser жүргізушісі біздің бекетті басып өтіп, Екібастұз қаласынан шыққан», - деді Арыстан Дүйсембаев.

Спикердің айтуынша, Павлодар – Екібастұз тас жолында 1972 жылғы ер адам рөлге ие бола алмай жолдан шығып кетіп, омбы қарға аударылып түскен. Жол апаты салдарынан жүргізушінің қасындағы екі жолаушы көз жұмған.

«Оның бірі 1975 жылғы әйел адам болса, екіншісі – 2011 жылғы бала. Жүргізушінің өзі аман қалған. Жүргізушілер бекеттен басып озып, жанталасып жүреді. Сондықтан қозғалысқа шектеу қойылған кезде жолға шықпауға шақырамыз», – деді А.Дүйсембаев.

Серіктес жаңалықтары