Алматыда «Атакент» сауда кешені өртеніп жатыр

Алдын ала ақпарат бойынша өрт көрме өтетін павильоннан шыққан

Алматыда «Атакент»  сауда кешені өртеніп жатыр
Фото: Әсет Құндақбаев

Алматыда «Атакент» қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығы» АҚ аумағында сауда кешені өртеніп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Тимирязев көшесінің бойында орналасқан сауда кешенінен шыққан өрт қаланың өзге аумағынан  да анық көрінеді. Өрт сөндіру күштері жоғарғы ранг бойынша жұмыс істеп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша көрме өтетін павильон өртеніп жатыр.

«Бостандық ауданы, Тимирязев көшес,і 42 мекенжайындағы № 9 павильон аумағында өрт шықты.  Өрттің таралу қаупі жоқ. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өрт сөндірудің екі учаскесі құрылды. Өрт құрылғылары іске қосылды, автоцистерналар батыс және шығыс жағынан гидранттарға орнатылды. Павильондар бос», - деді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Әкімшіліктің айтуынша, ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Өрттің өзге ғимараттарға таралу қаупі жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер анықталмаған. 

Оқиға орнында 17 бірлік техника 50 адам жұмыс істеп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.