Жамбыл облысында қарақшылық шабуыл жасаған бір топ адам ұсталды

Azattyq Rýhy

Олар қарияның 5 млн теңгесін ұрлап кеткен

Жамбыл облысында қарақшылық шабуыл жасаған бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Полицияға Мойынқұм ауданының 82 жастағы тұрғыны шағымданған. Ер адам ағымдағы жылдың 12 мамырынан 13 мамырына қараған түні бетперде киген екі белгісіз тұлға жасырын түрде жазғы ас үйге кіріп, жалғыз өзі ұйықтап жатқан кезде күш қолданып, шабуыл жасап, жастығының астынан 5 000 000 теңгесін ашық түрде алып кеткені туралы хабарлады. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 1977, 1984, 1987, 1985 жылдары туылған төрт ер азаматты анықтады. Оның үшеуі-Қордай ауданының тұрғындары, біреуі-Алматы облысының тұрғыны. 

Тергеу анықтағандай, күдіктілер 2022 жылдың 13 мамырына қараған түні алдын ала сөз байласу арқылы Мойынқұм ауданына осы қарақшылық қылмысты жасау үшін келген. 

Белгілі болғандай, күдіктілердің ішіндегі біреуі жәбірленушінің туысы болып шықты және одан бірнеше рет қарызға ақша сұраған. Ол қасындағы серіктестеріне қарақшылық жасауға кеңес берген. 

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  192-бабы 3-бөлігі (қарақшылық)  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар қажетті сараптамалар да тағайындалды. 

Қазіргі уақытта үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал тағы бір қатысушысының орналасқан жері анықталып жатыр.      
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.