$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.05.2022, 13:58
Оқиғалар

Алматы облысының тауларында жоғалған төрт жасар бала алты сағаттан кейін табылды

Оқиға Доланалы ауылының маңында болған

Алматы облысының тауларында жоғалған төрт жасар бала алты сағаттан кейін табылды

2022 жылғы 16 мамыр күні сағат 20:30-да Алматы облысы ТЖД Кербұлақ ауданы Доланалы ауылының маңында 2018 жылы туған баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ата-аналардың мәліметтері бойынша, түскі уақыт шамасында олар төрт жасар баламен бірге таулы аймаққа саңырауқұлақ теруге шыққан, бір сәтте ата-аналар көліктің жанында ойнап жүрген баланың жоқ екенін байқаған. Үш сағатқа жуық ата-аналар баланы өз бетінше іздестірген, содан кейін ТЖД-дан көмек сұрады.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына Алматы облысының ТЖД қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті тұрғындар, саны 100-ден астам азаматтар және 1 іздестіру иті дереу кірісті.

Іздеу нәтижесінде сағат 23:30-да бала жоғалған жерден 3 км қашықтықта табылды және дәрігерлердің тексерісінен кейін ата-аналарына тапсырылды. Қазіргі уақытта баланың денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейді», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары