Күйеуі темір таяқпен зорлаған: БҚО-да әйел адам жансақтау бөліміне жеткізілді
Жәбірленуші күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартқан

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік оқиға болды. Мас ер адам әйелін аяусыз соққыға жығып, артынша темір таяқпен зорлаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Мой город» порталына сілтеме жасап.
Оқиға 16 мамырда Батыс Қазақстан облысындағы аудандардың бірінде болған. Аса ауыр халде жергілікті ауруханаға жеткізілген әйелге шұғыл түрде ота жасалған.
«39 жастағы әйел көп қан жоғалтқан. Тоқ ішегі жыртылып, тамырлары жарылған. Енді оған ұзақ уақыт реабилитациядан өтуге тура келеді. Бүгінде оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды», - деп хабарлады облыстық ауруханадан.
Жәбірленуші күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартты.
Аталған фактіні БҚО полиция департаменті растады. Ведомствоның мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Ер адам үйқамақта отыр.