Маңғыстау облысында жағалаудан 64 итбалықтың өлексесі табылды

Azattyq Rýhy

Зертханалық зерттеу үшін мамандар өлген жануарлардың сынамасын алды

Маңғыстау облысында жағалаудан 64 итбалықтың өлексесі табылды

Маңғыстау облысында жағалаудан 64 итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық балық инспекциясының мәліметінше, итбалықтар Форт-Шевченко теңіз порты аумағында, Урдюк мүйісінен Баутинская мүйісіне дейін қырылып қалған.

Аталған дерекке қатысты экологтар мен жергiлiктi атқарушы органның бiрлескен жұмыс тобы құрылып, аумақты зерттеу жүмыстары жүрiзiлдi.

Жұмыс тобы аумақты тексеру барысында 64 итбалық пен бес бекіре балығының өлексесін аңықтады.

«Бір күн бұрын соққан онтүстік-батыстан соққан қатты дауыл салдарынан жағаға шығып қалған өлекселер қатты ыдырап, шіріп жатыр», - деді балық инспекциясы басқармасынан.

Зертханалық зерттеу үшін мамандар өлген жануарлардың сынамасын алды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.