16.05.2022, 09:11
Оқиғалар
Ақтауда сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті
Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
Lada.kz
Ақтауда 6656 әскери бөлімінің әскери қызметкері патрульдік бағытты рұқсатсыз тастап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық ұланының 6656 әскери бөлімі бұл деректі растады. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Белгілі болғандай, 18 жастағы әскер қатарына шақырылған сарбаз Бағлан Әділбеков 14 мамыр күні түнде сағат 22:55-те 4-шағынаудандағы патрульдік бағыттан шығып кеткен.
Әскери қызметкер ҚР Ұлттық ұланының «Ұлттық Ұлан» деген жазуы бар көк түсті формасы мен қара түсті әскери аяқ киім киген.
Белгілері: бойы 160-170 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр.

Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды