$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.05.2022, 08:08
Оқиғалар

Алматы облысында лай көшкіні салдарынан 5 жасар бала көз жұмды

Қанат Бозымбаев зардап шеккен отбасыларға баспана берілетінін айтты

Алматы облысында лай көшкіні салдарынан 5 жасар бала көз жұмды
Фото: Алматы облысы ТЖД

Алматы облысында ТЖД қызметкерлері лай көшкінінде жоғалып кеткен бес жастағы қыз баланың денесін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«15 мамыр күні сағат 18.15-те қызметтік иттің көмегімен Текелі қаласында лай көшкіні кезінде қаза тапқан 2016 жылы туған қыз баланың денесі бұзылған үйінді астынан табылды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Айта кетсек, бүгін түскі сағат 13:00 шамасында Текелідегі Қонаев көшесінде лай көшкіні жүріп, бес жастағы қыз бала жоғалып кеткен болатын. Оны іздеуге екі жүздей адам жұмылдырылды. Текелі қаласындағы лай көшкінінің алдын ала ұзындығы 50 метр , ені 25 метр , биіктігі 3,5 метр, көлемі 4375 текше метр.

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев марқұм болған қыз баланың туған-туысына көңіл айтып, зардап шеккен отбасыларға баспана берілетінін айтты.

«Текеліде лай көшкіні жүрді. Бірнеше жекеменшік тұрғын үй бүлінді. Өкінішке қарай, 2016 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Жедел қызметтер өз жұмыстарын жүргізуде. Зардап шеккендерге баспана беріліп, көмек көрсетіледі. Марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтамын», - деді өңір басшысы.

Серіктес жаңалықтары