ШҚО-да браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіленді
«Нерест -2022» жедел алдын алу шарасы 30 мамырға дейін жүргізіледі
Шығыс Қазақстан облысында «Нерест-2022» жедел-профилактикалық шарасының аясында полиция қызметкерлері браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған іс-шараның мақсаты – балық және балық ресурстарын заңсыз өндіруге, тасымалдауға және сатуға байланысты құқықбұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың алдын алу және анықтау.
«Операция басталғалы бері ШҚО-да балық ресурстарын заңсыз аулаудың 195 құқықбұзушылығы анықталды. 187 адамға қатысты жалпы сомасы 2,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды», – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.
Жалпы, «Нерест» ЖПІШ кезінде полиция құқық бұзушылардан 2 тоннаға жуық балық, 2900 метр синтетикалық ау, 32 балық аулау құралын тәркіледі. Келтірілген залал сомасы 10 млн теңгеден асты.