$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.05.2022, 11:08
Оқиғалар

Павлодарда әйел адам 9-қабаттан құлап кетті

Әйел ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді

 

Павлодарда әйел адам 9-қабаттан құлап кетті

Павлодарда тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Pavon.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД оқиғаның 11 мамыр күні сағат 14.30 шамасында болғанын мәлімдеді.

«112» пультіне 1993 жылы туған әйелдің Академик Бектұров, 109 мекенжайындағы 9-қабаттың терезесінен іргелес орналасқан «Экстрамед» медициналық орталығының шатырына құлап кеткені туралы хабарлама түсті», - делінген ТЖД хабарламасында.

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  

Облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, шұғыл жеткен дәрігерлер омыртқасы сынған әйелді ауыр халде No1 қалалық ауруханаға жеткізген.

Оқи отырыңыз: Астанада 9-қабатқа шығып алған баланы көршісі құтқарып қалды

Белгілі болғандай, зардап шеккен адам мас болған. Дәрігерлер оған миы шайқалған, қабырғасы мен білегі бірнеше жерінен сынған деген диагноз қойды. Әйел жансақтау бөлімінде жатыр.

Серіктес жаңалықтары