$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.05.2022, 10:44
Оқиғалар

«Кәсіпкерлікті қолдау қорынан 13 млн теңге алып беремін»: Түркістан облысында алаяқтық жасаған қыз ұсталды

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

«Кәсіпкерлікті қолдау қорынан 13 млн теңге алып беремін»: Түркістан облысында алаяқтық жасаған қыз ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында таныстарын Кәсіпкерлікті қолдау қорынан 13 млн теңге алып беремін деп алдап, алаяқтық жолмен ақша алған қыз ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті 2 бірдей тұрғын арызданды. Олардың айтуынша,  өздерінің танысы «Даму» атты кәсіпкерлікті қолдау орталығынан ақша алып беремін деп, жәбірленушінің біріншісінен 260 000 теңге, екінші жәбірленушіден 2 950 000 теңгесін алған. Екі жәбірленушіге келген шығын көлемі 3 210 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды", – делінген хабарламада.

Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған жұмыстарды атқарды. Полицейлердің атқарған жедел шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын жас қыз ұсталды. Күдікті алған ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Ол берген уәдесінде тұрмай, не жәбірленушілердің ақшасын қайтармай әуре-сарсаңға салған. Жәбірленушілер ақшасын қайтару мақсатында полиция қызметкерлеріне шағым түсірген.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтайды. 

Серіктес жаңалықтары