$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.05.2022, 09:31
Оқиғалар

Павлодар облысында әйел өз пәтерінен өлі күйінде табылды

Қайғылы оқиға кеше, яғни 11 мамыр күні болған

Павлодар облысында әйел өз пәтерінен өлі күйінде табылды

56 жастағы әйел пәтер есігін ашпаған соң құтқарушыларға оның күйеуі хабарласқан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 11 мамыр күні болған.

«Бүгін 18:04-те 112 желісіне Екібастұз қаласы Б.Момышұлы көшесі, 88 үйдегі пәтерлердің бірінде әйелдің есік ашпағаны, іштен ешбір белгінің жоқтығы туралы хабарлама келіп түсті», - делінген хабарламада.

Құтқару қызметіне әйелдің күйеуі хабарласқан. Оның айтуынша, тәңертең жұмысқа кетіп, кешке үйіне оралғанда пәтеріне кіре алмаған. Себебі, пәтер есігі ішкі жақтан жабылған. 

Құтқарушылар оқиға орнына келіп, полиция қызметкерлері мен күйеуінің қатысуымен пәтерді ашқан. 

«Мұнда құтқарушылар альпинистердің көмегімен үйдің төбесінен арқан арқылы 5-ші қабаттың балконына түсті. Осылайша, ішке кіргенде пәтерден 1966 жылғы әйелдің жансыз денесі табылды», - делінген баспасөз хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары