$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.01.2020, 17:51
Оқиғалар

ШҚО-да шенеунікке 40 млн теңге айыппұл салу туралы үкім шықты

ШҚО Энергетика және ТКШ басқармасының басшысына қатысты үкім қайта қаралды

ШҚО-да шенеунікке 40 млн теңге айыппұл салу туралы үкім шықты

Шығыс Қазақстан облыстық Энергетика және ТКШ басқармасының басшысына қатысты үкім қайта қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

24 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облыстық соты апелляциялық алқасының қаулысымен ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы М.Мұсатаевқа қатысты ақтау үкімі өз күшін жойды.    

«Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп табылды және оған 40 миллион теңге көлемінде айыппұл салу, сондай-ақ, мемлекеттік «Құрмет» ордені наградасынан және өмір бойы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айыру үкімі шықты», – делінген агенттік хабарламасынан.   

Белгілі болғандай, Мұсатаев жеке кәсіпкердің ЖШС-ін мемлекеттік сатып алуларға қатысты өтетін конкурстардың жеңімпазы етіп шешім шығарып беретінін айтып, оның 4 млн теңге ақшасын алдап алып алған.   

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ШҚО #сот #шенеунік