$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңаөзенде толассыз жаңбырдан тұрғын үйлер мен мектепті су басып қалды

Тұрғындар үйлеріне жету үшін белуарға дейін су кешіп жүруге мәжбүр

Жаңаөзенде толассыз жауға жаңбыр суы тұрғын үйлер мен аулаларды басып қалды. Бұл жөнінде  Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайындағы басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жаңбыр суынан аяқ алып жүре алмай қалған тұрғындар «112» қызметіне хабарласқан. Көпшілік көше, аула, тіпті кейбір үйлерді су басып қалғанына шағымданды.

«5-6 мамыр күндері «112» жедел желісіне Жаңаөзен қаласындағы шағын аудандардың тұрғындарынан аулаларды су басқаны туралы шағымдар түсе бастады. Барлығы 17 аула, 4 тұрғын үй, 4 көше, 3 жалпы білім беретін мектептің жертөлесін және 1 балабақшаның жертөлесі су астында қалды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта коммуналдық жаңбыр суын сору жұмыстарын жүріп жатыр.

Ал қала тұрғындары әлеуметтік желілерде су басқан үйлердің кадрларын белсенді түрде бөлісіп жатыр. Соның бірінде су салдарынан көлік қозғалысының қалай тоқтап қалғанын көруге болады. Жаңаөзен тұрғындары үйлеріне жету үшін белуарға дейін су кешіп жүруге мәжбүр.

Бұған дейін Қарақия ауданында сел жүріп өткен болатын. Жайылған су Ақтау мен Жаңаөзенді байланыстыратын тасжолға дейін жетті.

 
Серіктес жаңалықтары