$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2022, 09:31
Оқиғалар

Каспий теңізінде жоғалып кеткен балықшылар іздестіріліп жатыр

Оларды іздеу үшін облыстық ТЖД бастығы тікұшақпен ұшып шықты

Каспий теңізінде жоғалып кеткен балықшылар іздестіріліп жатыр
Фото: Маңғыстау облысы ТЖД

Каспий теңізіне балық аулауға шығып, сол күйі оралмаған балықшылар әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ТЖД мәліметінше, құтқару жұмысына 2 техника, 2 қайық және 9 адам, «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тік ұшағы, Қорғаныс министрлігінің 29011 әскери бөлімі және еріктілер жұмылдырылды.

Айта кетсек, 30 сәуір күні түнгі 01.00 шамасында Каспий теңізіне балық аулауға шыққан қазақстандық 1994 жылғы азамат және өзбекстандық 1983 жылғы азамат әлі күнге дейін табылған жоқ.

3 мамыр күні сағат 15.00-де Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, подполковник Мұрат Мұханов тікұшақпен теңізде жоғалып кеткендерді іздестіру үшін тікұшақпен ұшып кетті.

«Дауыл болатыны жайлы ескертпе түскен кезде теңізге қайықпен шығуға және шомылуға тыйым салынады, себебі теңіз толқындары жоғары көтеріліп, күшеюі мүмкін» - деп ескертеді ТЖД өкілдері.

Серіктес жаңалықтары