$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.04.2022, 10:55
Оқиғалар

Ақмола облысында жоғалып кеткен 9 адам аман-есен табылды

Қазіргі уақытта тағы 6 адам іздеуде жүр

Ақмола облысында жоғалып кеткен 9 адам аман-есен табылды
Фото: gov.kz

Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен 9 адам аман-есен табылып, туыстарына қайтарылды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өткен тоқсанда адамдардың орналасқан орнын анықтау туралы көмек сұраған 15 өтініш келіп түскен.

«Олардың 9-ы табылып, туыстарына қайтарылды. Қазіргі уақытта тағы 6 адам іздеуде жүр. ОларКөкшетау қаласы, Бурабай, Атбасар, Бұланды және Есіл аудандарының тұрғындары», - делінген ПД хабарламасында.

Полиция өкілдері адам іздеу туралы өтініш түскенде дереу жоғалған адамның достары мен таныстарының шеңбері белгіленетінін, олардың достарынан, әріптестерінен, ықтимал куәгерлерден сұралатынын айтады. Сондай-ақ әлеуметтік желілерден алынған ақпарат әсіресе жасөспірімдер мен жастар жоғалып кеткен жағдайында үлкен мәнге ие.

«Талдау көрсетіп отырғандай, көбінесе жоғалған адамдар достарымен, таныстарымен уақыт өткізу үшін үйден кетеді, ойын-сауық немесе жұмыс іздеп үлкен қалаларға кетеді, ал телефонын немесе басқа байланыс құралын өшіріп тастайды», - дейді полиция өкілдері.

Полиция үшін жоғалған адамдарды іздеуде еріктілердің көмегі үлкен мәнге ие. Әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстардың мүмкіндіктерін бүгінде облыс еріктілері белсенді қолданады, бұл жоғалған адам туралы ақпаратты бірнеше минут ішінде таратуға, кейін полицияға оның ықтимал орналасқан жері туралы жедел хабарлауға мүмкіндік береді. Іздеу шараларын бірлесіп жүргізудің бұл тәжірибесі оң нәтиже беріп келеді.

Серіктес жаңалықтары