26.04.2022, 11:19
Оқиғалар
Павлодар облысында көлік жыраға түсіп кетті
Жол апаты Аққулы ауылы маңында болған
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысында көлік жыраға түсіп кетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 сәуір күні сағат 15:00-де Омбы - Майқапшағай автожолының 522 шақырымында «ВАЗ 21124» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жыраға аударылып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен жолаушы жарақат алып, Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді департаментте.
Сараптама тағайындалды.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды