$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.04.2022, 15:45
Оқиғалар

Қаңтарда Алматыда 2 мыңнан астам тонау әрекеті тіркелген

Ұрлық пен тонаудың басым бөлігі бейнежазбалар арқылы ашылды 

 

 

 
Қаңтарда Алматыда 2 мыңнан астам тонау әрекеті тіркелген
Фото: ortcom.kz

Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері арам пиғылды адамдардың көшедегі тәртіпсіздіктерді пайдаланып, ашық түрде қасақана ұрлық пен тонау жасағанын көрсетеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.

Азаматтар мен бизнес субъектілерінің арыздары бойынша ұрлық пен тонаудың ең көп саны Алматы қаласында – 2 мыңнан астам, Алматы облысында – 204 және Жамбыл облысында - 23 факті тіркелді.

«Дүкендер, компаниялардың кеңселері, мейрамханалар және ашулы топтың жолында орналасқан басқа да объектілер шабуылға ұшырады, сонымен қатар банктер мен ірі сауда орталықтарын – барлығы 1 502 бизнес нысанын тонау фактілері тіркелді. Полицияның жедел мүмкіндігімен қатар, бұл қылмыстарды ашуға саналы азаматтардың белсенді көмегі де ықпал етті, олар кең түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде оқиғалар кезінде жасалған бейнематериалдарды ұсынды.

Осындай видеолардың бірінің арқасында Алматы қаласында бір топ жас жігіттер «Лунапарк» балалар ойын-сауық орталығынан ұрланған теледидарлар мен басқа да тұрмыстық техниканы автокөліктерге тиегені анықталды. Басқа видеода Алматы қаласындағы «Каспий банкінің» филиалына шабуыл жасалды, онда тобыр қылмыс орнында, айналасындағыларға және өтіп бара жатқан көліктерге назар аудармай тоналған мүлікті бөліскен. Екі жағдайда да күдіктілер анықталып, қамауға алынды», - деді Санжар Әділов.

Азаматтар ұсынған бейнематериалдар қылмыскерлерді әшкерелеуге көмектеседі және заттай дәлелдемелер ретінде пайдаланылады.

 
Серіктес жаңалықтары