25.04.2022, 15:10
Оқиғалар
Кентауда қатты дауыл үйлердің шатырын ұшырып әкетті
Нөсер жауыннан келген шығын көлемі әлі де есептеліп жатыр
Фото: rossaprimavera.ru
Қатты дауыл Кентау қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің шатырырын ұшырып әкетті, деп жазады Оtyrar.kz.
Жексенбі күні болған нөсер жауыннан келген шығын көлемі әлі де есептеліп жатыр. Зақым келген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасын тапты.
«Қалалық полицияның бөлімінің ғимараты да қатты дауылдан зақымданған. 1 мектеп пен 1 балабақшаның шатыры ұшып кетті. Дауыл салдарынан құлаған ағаштардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр», - делінген ақпаратта.
Қазір қала әкімдігіндегі жедел желі арқылы тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда қолға алынатын шұғыл іс-шараларға дайындық жүріп жатыр.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
