«Дүкеніңді өртейміз»: Ақтөбе тұрғынын қорқытып, ақша бопсалағандар ұсталды

Azattyq Rýhy

Күдіктілер ай сайын 400 мың теңге ақша төлеуді талап еткен

«Дүкеніңді өртейміз»: Ақтөбе тұрғынын қорқытып, ақша бопсалағандар ұсталды
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе тұрғынын “дүкеніңді өртейміз” деп қорқытып, ақша бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

12 сәуірде Ақтөбе облысы ПД кезекші бөліміне 48 жастағы ер адам хабарласты. Оның айтуынша, белгісіз біреулер азық-түлік дүкенін өртейміз деп қорқытып, бопсалап жүрген. Күдіктілер ай сайын 400 мың теңге ақша төлеуді талап еткен.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 100 мың теңге ақшалай қаражатты беру кезінде төрт күдіктіні ұстады. Ұсталғандар қылмыстарын мойындады, 100 мың теңге ақша тәркіленді.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі күдікті Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Қылмыскерлер мүлкі тәркіленіп, үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.