$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.01.2020, 02:16
Оқиғалар

Оралда оныншы сынып оқушысы тоғыз жылға сотталды

Ол өгей әкесін өлтірген

Оралда оныншы сынып оқушысы тоғыз жылға сотталды
Фото: uralskweek.kz

Оралда оныншы сынып оқушысы Ирина Лапина 9 жылға, ал оның 19 жастағы досы Нұрхан Максот 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Орал апталығы» басылымына сілтеме жасап.

Сотталушылар Ирина Лапинаның өгей әкесін өлтірген. Олардың кінәсі толық дәлелденді. Сот шешімімен Ирина Лапина 9 жылға, Нұрхан Максот 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қайғылы оқиға былтыр 12 тамыз күні болған. Түнгі сағат он екілер шамасында Ирина Лапинаның анасы Вероника Лапина күйеуімен жанжалдасып қалған. Мас болған Есқалиев әйелі мен төрт жасар қызын үйден қуып жіберген.

«Белгілі болғандай, далада қалған әйел өзінің үлкен қызына хабарласқан. Ирина Лапина досымен бірге көрші ауылдан келіп, Есқалиевті соққыға жыққан. Ол оқиға орнында қаза тапты», - деп жазады басылым. 

Серіктес жаңалықтары