$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.04.2022, 16:39
Оқиғалар

«Үй әперемін»: ШҚО-да зейнеткерді алдаған алаяқ ұсталды

Күдікті 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

«Үй әперемін»: ШҚО-да зейнеткерді алдаған алаяқ ұсталды
Фото: www.t24.su

Шығысқазақстандық алаяқ зейнеткерді 1 млн теңгеге сан қақтырды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың наурыз айының ортасында Өскемен қ. ПБ Солжағалау ПБ «102» жедел арнасына алаяқтық әрекеттен зардап шеккен 63 жастағы зейнеткердің өтініші келіп түсті, жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс әйел мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетемін деген сылтаумен оның 1 000 000 теңге ақша қаражатын иемденіп алған.

Осы алаяқтық әрекетіне қатысы бар деген күдікпен облыс орталығының 63 жастағы тұрғыны анықталды. Тексеру кезінде күдіктінің полиция бөлімінде есепте тұрғаны мәлім болды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады.

Қаскөйге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 – бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, осы баптың санкциясымен 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Серіктес жаңалықтары