Шымкентте із-түзсіз жоғалған әйел өлі күйінде табылды

Azattyq Rýhy

Оның жоғалғаны туралы хабарлама 10 сәуір күні кешкісін түскен

Шымкентте із-түзсіз жоғалған әйел өлі күйінде табылды
Фото: Otyrar.kz

Шымкентте құтқарушылар із-түзсіз жоғалған әйелдің денесін Жыланбұзған ауылындағы су арнасынан тапты. Бұл туралы Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның жоғалғаны туралы хабарлама «112» пультіне 10 сәуір күні кешкісін түсті. Белгілі болғандай, Еңбекші ауданы Жыланбұзған ауылының 45 жастағы тұрғыны малға шығып, сол күйі қайтып оралмаған. Оның жүрер жолында су арнасы бар.

Құтқарушылар оқиға орнына шығып, іздестіру жұмысын бір тәуліктен аса уақыт жүргізді. Нәтижесінде 11 сәуірде сағат 12:15-те сүңгуірлер судан 1977 жылы туған әйелдің денесін алып шықты.

«Оқиға орнына құрамында 7 адам және 1 кинологиялықтан тұратын жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесі шықты. Іздеу жұмыстары Жыланбұзған ауылының аумағы арқылы өтетін ені 3 метр тереңдігі 2-2,5 м каналында жүргізілді», - деп хабарлады Шымкент қаласының ТЖД.

Құтқарушылардан бөлек, марқұмды 30 адамнан құралған ауылдың ерікті тұрғындары іздеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.