11.04.2022, 12:25
Оқиғалар
Астанадағы сауда орталығынан заңсыз майнинг жабдығы табылды
Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтандағы сауда орталығынан цифрлық криптовалюта өндіруге арналған заңсыз майнинг жабдығы табылды, деп хабарлады Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, кезекшіге сауда орталығындағы паркинг бөлмесінде майнингке арналған жабдық табылғаны жөнінде қоңырау түскен. Артынша желдету құбырының бетіндегі бөлмені аралау кезінде қосылып тұрған 4 құрылғы табылған.
Заңсыз жабдықты сауда ойын-сауық орталығының инженері желдеткіш қораптардағы кабельдік желілерді тексеру кезінде тауып, басшылыққа хабарлады.
Қазіргі уақытта майнинг жабдығын табу фактісі бойынша материал тергеуге дейінгі тексеру және процессуалды шешім қабылдау үшін Экономикалық тергеу департаментіне берілді.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды