28.03.2022, 18:12
Оқиғалар
Атырауда бекіре балығын заңсыз аулап, тасымалдаған тұрғын ұсталды
Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Атырау облысында бекіре балығын тасымалдаған тұрғын ұсталды. Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері браконьерді «Атырау-Астрахан» тас жолы бойында ұстаған. Тексеру кезінде 43 жастағы ер адамның Datsun маркалы автокөлігінен 100 келіге жуық бекіре тұқымдас балық шыққан. Аулауға заңмен тиым салынған балық тәркіленді.
«Қазір бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған 1979 жылы туған көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 2-бөлігі, 5-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - деді облыстық ПД бастығы Нұрхат Оразбаев.

Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты