$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да алаяқ жапа шегушіге ақшасын қайтарып берді

Күдікті зейнеткерді алдап, 100 мың теңгесін өзіне аудартып алған

СҚО-да алаяқ жапа шегушіге ақшасын қайтарып берді
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстанда зейнеткерді алдау арқылы 100 мың теңгесін қолды етке күдікті ақшаны иесіне қайтарып берді. Ол бұған дейін де алаяқтық әрекеті үшін сотталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.                             

Қаңтар айының соңында күдікті Есіл ауданында тұратын 68 жастағы егде жастағы әйелге қоңырау шалып, баласы полициямен байланысты бір жағдайға тап болғаны туралы хабарлап, мәселені шешу үшін 100 мың теңгені талап еткен. Зейнеткер ұлына қоңырау шалған, алайда, ол жұмыста қолы бос болмағандықтан, қоңырауға жауап бере алмаған. Әйел қылмыскердің талабын орындап, оның жіберген телефон нөмірінің теңгеріміне барлық жинаған қаражатын аударған. Кейін алданғанына көзі жеткен зейнеткер полицияға жүгінген. 

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жедел-тергеу іс-шарасы барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Күдікті бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін істі болған Ақмола облысының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары оны қызметтік іссапар кезінде ұстады.                 

«Күдікті жәбірленушіге келтірген шығынын толығымен өтеді. Қазіргі уақытта телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың бұл түрі мүлде кездеспейді, дей тұрғанымен, сақ болу қажет. Мұндай қоңырауларға сенбеу керек. Күмәнді қоңыраулар келіп түсіп жатса, анық-қанығын анықтау үшін жақындарыңызға хабарласу керек және орын алған оқиға туралы шұғыл полицияға хабарлаған жөн», - дейді Есіл ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ерлік Есләмбеков.     

Жәбірленуші арызын қайтарып алуына байланысты іс тоқтатылды.

Эльмира Мәмбетқызы

Серіктес жаңалықтары