ШҚО тұрғыны 50-ден астам қарағайды заңсыз кескен
Келтірілген залал 450 000 теңгеден астам сомаға бағаланды
Глубокое ауданының тұрғыны қарағайды заңсыз кескен, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың ақпан айының басында Риддер қ. ПБ кезекші бөліміне ШҚО табиғатты қорғау ресурстары басқармасы мен ШҚО ӨКМ-нен Бутаков орманшылығында рейд жүргізу кезінде көлемі 73,78 текше метр қарағай тұқымының 52 ағашын заңсыз кесу анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Келтірілген залал 450 000 теңгеден астам сомаға бағаланды.
Қылмыс орнына келген тәртіп сақшылары табиғатқа зиян келтірді деген күдікпен Глубокое ауданының 45 жастағы тұрғынын анықтады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 340 – бабы 2-бөлігі Аағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.