$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.02.2022, 18:18
Оқиғалар

СҚО-да жол-көлік оқиғасы кезінде қоршалған арқанға сегіз жасар қыз асылып, жарақат алды

Нұр-Сұлтан қаласында төртінші сараптама тағайындалды

СҚО-да жол-көлік оқиғасы кезінде қоршалған арқанға сегіз жасар қыз асылып, жарақат алды

Аад Полек есімді азамат 8 жасар қызының жол-көлік оқиғасы кезінде қоршалған арқанға асылып, жарақат алғанына жергілікті полиция қызметкерін кінәлайды. Бұл туралы ол арыз-шағымын «Nur Otan» партиясының азаматтарды қоғамдық қабылдау кезінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2020 жылдың 11 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ауданындағы Достық ауылында тұратын анамның үйіне отбасымызбен барған едік. Біздің үйдің жанында жол-көлік оқиғасы болған екен. Ауыл тұрғындары сол жерді арқанмен қоршап қойған. Қызым велосипед теуіп көшеге шықты. Артынан мен келе жаттым. Бір уақытта жылдамдықты қадағалай алмай, қоршаулы тұрған арқанға барып мойнымен асылып қалды. Басында не болғанын түснібедім. Жүгіріп жанына бардым. Бірден алғашқы көмек көрсететін орталыққа бардық. Ол 2 км жердей алыс екен. Кейін аудан ортағына барып хирургқа қаралдық. Дәрігер тамағындағы жырықты тігу керегін айтты. Мен қарсы болдым. Өйткені, қыз бала ғой, мойнында шырам қала ма деп қорықтым. Бірақ дәрігер жазып берген нұсқаулықтың барлығын орындадық. Қызым қазір сабаққа барып жүр. Есін жиған кезде қатты қиналды», - Аад Полек.

Оның айтуынша, осы жағдайдан кейін қызының қолы қалтырап, дұрыс сөйлей алмайтын күйге түскен.

«Оның денсаулығы күрт нашарғанын байқадық. Бізге Денсаулық сақтау министрлігі көмектессе екен дейміз», - дейді зардап шекккен қыздың әкесі. 

Аад Полек болған жағдайға байланысты округтің полиция қызметкері Руслан Қоянбаевтың үстіне «өз ісіне салғырт қарады» деген айып бойынша арыз түсірген.

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Садановтың айтуынша, жарақат алған қыздың әкесі учаскелік полиция қызметкерін жіпті алып тастағанға дейін жол-көлік оқиғасы болған жерді күзетіп тұруы тиіс еді. Алайда заң бойынша округтің полиция қызметкері өзіне қажетті ақпаратты алғаннан кейін жұмыс орнына баруға құқы бар. 

«Аад Полек Александрович арызына сәйкес, 371-бап бойынша іс қозғалды. Үш сараптама өткізілді. Нұр-Сұлтан қаласында төртінші сараптама тағайындалды. Айта кетерлігі, жарақат алды деген қыздың денсаулығына қатысты тексеріс жүргізуге әкесі қарсы болған. Округтің полиция қызметкері Руслан Қоянбаев зардап шегуші қыздың анализінің ақшасын да төлеп беретінін айтқан. Бірақ әкесі оған көнбеді. Сараптама қорытындысы бойынша қыздың денсаулығындағы ауытқулар оған дейін болғаны анықталған. Бірақ оны әкесі мойындамайды», - деді Арман Саданов.

«Қызымның жағдайына қатысты арыз жаздым. Сараптама жүргізу кезінде оның тек сыртқы жарақатына ғана мән берілген. Ешкім тамағын түсіріп, тексерген жоқ. Менің өтінішім бойынша 1 жылдан кейін ғана осы жағдайға байланысты іс қозғалды. Бұл істі әдейі созбақтап отыр деп ойлаймын. Айтыпталушы жазадан құтылып кетуі мүмкін», - дейді қыздың әкесі.

Қоғамдық қабылдау кезінде мәселелер жан-жақты қаралып, қорытынды төртінші сараптама негізінде шығарылатыны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары