$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.02.2022, 15:24
Оқиғалар

«Қажылыққа апарамын»: Шымкент тұрғыны танысын 700 мың теңгеге алдап кеткен

26 жастағы күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүріп жатыр

«Қажылыққа апарамын»: Шымкент тұрғыны танысын 700 мың теңгеге алдап кеткен
Фото: ашық дереккөзден

Шымкент тұрғыны танысын қажылыққа апарамын деп 700 мың теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Еңбекші ауданы Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы қажылық сапарға алып барамын деп сендірген. Алайда бұл қызметіне сыйақы ретінде 700 мың теңге сұрап, есепшотына аудартып алған. Арада уақыт өте әлгі танысы телефон қоңырауларына жауап бермеген, ақшасын қайтармаған. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеліп, жедел-іздестіру шаралары жүргізілген. Нәтижесінде, 26 жастағы жергілікті тұрғын қала аумағынан ұсталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Тергеу жұмыстары барысында анықталғандай, ұсталған азамат арызданушыдан алған қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген. 

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Сондай-ақ, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары