$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.02.2022, 17:20
Оқиғалар

СҚО тұрғыны желідегі алаяққа сеніп 5 миллион теңгесінен айрылып қалды

Мамандардың айтуынша, алаяқтардың интернет арқылы жасайтын қулықтарының ең жиі кездесетіні  -  «банктің қауіпсіздік қызметінің қоңырауы»

СҚО тұрғыны желідегі алаяққа сеніп 5 миллион теңгесінен айрылып қалды

Солтүстік Қазақстанның екі тұрғыны алаяққа сеніп 5 млн теңгесінен айрылып қалды. Жапа шегушілер телефон арқылы хабарласып, өзін банктің қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде таныстырған адамға сеніп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Мамандардың айтуынша, алаяқтардың интернет арқылы жасайтын қулықтарының ең жиі кездесетіні әрі қауіптісі -  «банктің қауіпсіздік қызметінің қоңырауы». Желілік аферистер шет елдерде отырып-ақ дәл осы әдіспен адамдарды көп шығынға батырады.

Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөліміне арызданған ер адам шотынан 2 миллион теңгесі жоғалғанын айтқан. Оған өзін банк қызметкерімін деп таныстырған белгісіз адам қоңырау шалып, шотыңыздан біреу ақша шешіп алмақшы болып жатыр деген әдеттегі әдісті қолданған. Жапа шегуші тұтқаның арғы жағындағы алаяқ екенін аңғармастан sms-хабарламамен келген кодты айтып берген. 

«Жәбірленушінің айтуынша, ол интернет-алаяқтықтың қаупі туралы білген, алайда сол уақытта жұмыстан қолы босамай, мән-жайды анықтамаған. Тәжірибе көрсеткендей, кей жағдайларда интернет-алаяқтықтан хабары бар адамдардың өздері зардап шегуі әбден мүмкін, өйткені алаяқтар психологиялық қысым көрсету әдістерін жақсы меңгеріп алған. Бірнеше күннен кейін тағы осындай факті тіркелді: киберқылмыскерлердің қаупі туралы жақсы білген әйел бірнеше қоңыраулардан кейін ұсынылған шотқа 3 миллион теңгеден астам ақшасын аударған. "Банк қауіпсіздік қызметінің қоңырауы" - алаяқтардың қулықтары екендігін естен шығармаған жөн. Қандай жағдай болса да, жеке мәліметтерді: нөмірлер, пин-код, банк карталарының cvv-кодтары, sms-хабарламамен келетін бір реттік кодты ешкімге сеніп айтуға болмайдыз»,- деді Екінші ПБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Сыздықов.

Эльмира Мәмбетқызы

Серіктес жаңалықтары