$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.01.2020, 04:59
Оқиғалар

Қазақстанда 30 жыл бойы құлдықта болған ер адам Ресейге оралды

Құлдықта жүрген Дмитрийге әлдебір жанашыр жас жігіт қол ұшын созыпты

Қазақстанда 30 жыл бойы құлдықта болған ер адам Ресейге оралды
Фото: «Наша Газета»

Қазақстанда өткізген 30 жылғы құлдықтан кейін ер адам отаны Ресейге оралды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Дмитрий Нижний Новгород қаласының маңында дүниеге келген. 90-шы жылдары ол Өскемендегі ағасының қолына барып тұрған екен. Сол жерде әркімнің жұмысын істеп, біраз жылын өткізеді. Соңғы 11 жыл бойы Алматы облысында еңбек құлдығында болыпты.

Құжат атаулыдан тек ескі кеңестік төлқұжаты ғана қалған Дмитрий көп қиындық көрген. Құлдықта жүрген жерінен оған әлдебір жанашыр жас жігіт қол ұшын созып, қожайынының қолынан тартып алып кетіпті. Ол ер адамды Қостанайға әкеліп, сондағы қоғамдық қордың біріне тапсырады. Алайда, Дмитрий Ресей азаматтығын ала алмағандықтан, ұзақ уақыт бойы еліне қайта алмай жүріпті.

Өзінің бет-әлпетін көрсетпеуді өтінген ер адам тегін де жасырын ұстауға тырысты. Өйткені, бұрынғы «қожайыны» тауып алып кетеді деп қорқатынын жасырмады. Тіпті, Ресей шекарасынан өтер кезде де Дмитрий тілшілердің өзін түсіруінен бас тартқан. 

«Оған азаматтық алып беру үшін Ресей Федерациясының жауабын екі ай күтуге тура келді. Тағы 2 ай бойына төлқұжаты жасалды. Тек содан соң ғана Дмитрий Нұр-Сұлтан қаласына барып төлқұжатын алып қайтты. Еліне қайта алуы үшін кеше біз оны осы жерге тіркедік.Бүгін таңертең ол өз отанына кетті. Ол алдымен Мәскеуге барып, туыстарымен кездеседі», – деп атап өтті «Дамыту» қоғамдық қорының басшысы Нина Косюк.   

Серіктес жаңалықтары